Жаңа дәрігерлік амбулатория ел игілігі үшін

– "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасы аясында амбулаторя салынды. Бүгінде қажетті мамандардың барлығы бар. Күндізгі стационар жұмыс істейді. Скринингтік бағдарлама бойынша тұрғындарды тексеруден өткіздік. Бұрын жағдай қиын еді. Ескі ғимаратта салқын болатын. Қазір жағдай оңалды. Кадр мәселесі де шешілген. Барлығы жеткілікті. Жас мамандар да келіп жатыр. Көлігіміз ескі болса да іске жарап тұр. Тұрғындар арасында жүрек ауруы көп. Мүмкін бұл күйзеліске түсудің салдарынан болар. Осындай аурудың алдын алу үшін күресудеміз, – дейді аудандық орталықтандырылған аурухана бас дәрігерінің орынбасары. Жәния Аймұхамбет-қызы.