Жұмысы бардың табысы бар
2014 жылы "Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы" бағдарла-масы аясында 154 адам қам-тылып, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар 41 (105,1%) жұмыссыздар 107 адам (100,9%), аз қамтылған 6 (300%) құрайды. Үстіміздегі жылы "Инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтудың" бірінші бағыты шеңберінде оқу жылы аяқта-лысымен Обаған орта мектебіне күрделі жөндеу жүргізілді, кон-курс өткізіліп, "DAR-Tomir" ЖШС ұйымымен келісімшарт жаса-лып, сол келісімшарт негізінде 60 адам қамтылды. Жұмыспен қамту орталығы арқылы 30 адам жұ-мысқа орналастырылды.
"Кәсіпкерлікті ауылда дамыту-ға қолдау жасау" бағыты бойын-ша 35 млн. теңге бөлініп, кәсіп-керліктің негізі бойынша 4 адам оқытылды. Шағын несие бойын-ша 24 адам қамтылып, алынған сома 35 млн. теңгені құрады.