Саф алтындай дәнге бай Сарыкөл

Бүгін ауданда "Қостанай таңының" күндері басталады
1919 жылы іргетасы  қаланған қазіргі Сарыкөл ауданының экономикасы жылдан-жылға жақсарып келеді. Мұндағы халық та өңірдің өркендеуіне өз үлестерін қосып отыр.
Айталық, биылғы жыл Сарыкөл үшін өте ерекше болды. Себебі, сары дала төсінде облыстық спартакиада дүркіреді. Соның арқасында ауданда жаңа заманауи стадион бой көтеріп, аудан іші абаттандырылды. Ал, жоғары  деңгейде жалауын желбіреткен бұл спорттық мерекеде біздің өңірдің аудандар арасында үшінші орын алғаны баршаңызға аян.  Әрине, бұл сарыкөлдіктер үшін әрі аудан тарихында  ұмытылмайтын оқиға болып сақталады. 
Жалпы, Сарыкөлдің әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрғысында атқарылған және де алдағы уақытта жүзеге асырылар  ауқымды істер жайында аудан әкімінен сұрадық…
 
Эльдар Күзенбаев,
Сарыкөл ауданының әкімі:
Басты мақсат – өңірді өркендету
Эльдар Күзенбаев– Сарыкөл ауданының әлеу-меттік-экономикалық дамуы тұрақты. Ағымдағы жылдың алдыңғы айларының қорытындысы бойынша өсу бар.
Ауданды дамыту үшін мемлекеттік бағдарламаларға қатысу ең маңызды қадам. "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы аясында 6 жоба таңдалып, соның 3 жобасын  пайызды мөлшерде субсидиялау бойынша "СарыкольДорСтрой" ЖШС және "Нұр-Айгер-СК" ЖШС таңдады. Өз істерін ашуға бекінген "Дәндібев" және "Дәукенов" жеке кәсіпкерлердің өтінімі Қостанай облысы өңір-лік үйлестіру кеңесінде қаралуда. Оның бірі қонақ үй салуға ниет білдірсе, екіншісі автокөліктерге такси паркін ашпақ.  
Бүгінгі таңда мал шаруашылығын дамытуда да мемлекеттік бағдарламалардың біраз бөлігін іске асырдық. Соған сәйкес, мұндағы ішкі өнім 1 млрд. 794 млн. теңгені құрады. "Сыбаға" бағдарламасына қатысқан "Адай Еркін" шаруашылығы 300 бас ірі қара малына арналған мал шаруашылығы кешенін салды. Алдағы жылы 200 бас ірі қара малына арналған сүт өнімі фермасын қолға алмақ. Ал, индустриалды карта жобасы бойынша 4 қаржы жобасы іске асты. Енді, келесі айлардың бірінде тағы екі жоба жоспарланғалы тұр.
Өңірдегі өндірістік ірі кәсіпорындардың бірі – "Сенат" ЖШС-нің диірмен кешенінде күніне 120 тонна ұн өндірілуде.
Ауданымыздың егіс далаларындағы биылғы егіннің шығымы көз қуантады. Диқандарымыз әр гектарына 12 центнерден өнім  жинап жатыр. Осы орайда ша-руасын шалқытып отырған  "Нұр-Айгер-СК" ЖШС-нің былтырғы жылы мол өнім алғанын айта кеткен жөн, биыл да егіні бітік шыққан. Қаратай Өтемісов, Баймырза Сатаев сынды диқандар да егін шаруашылығының өнімін көріп жүр. Басқа да диқандарымыздың дайын өнімді жинауда бет IMG_2542алысы жақсы, техникасы да сақадай сай.  Жалпы, аудан бойынша жақсы өнім аламыз деген үміттеміз. Енді алдағы уақытта бар егінді ысырапсыз жинап алу басты мақсатымыз. Осылай ауа райы қалыпты болса, астық нау-қанын өз уақытында аяқтаймыз деген ойдамыз.
Ағымдағы жылдың алдағы кезеңдерінде де аудандық жергілік-ті атқару билігі  қабылданған барлық шаралар барысында  агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау,   индустриялдық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру,  сондай-ақ халықты жұмыспен қамту бойынша жұмыс істейді. Әрі қарай да күрделі жұмысымыз барлық мемлекеттік бағдарламаларда бақ сынап, тапсырмаларды жүзеге асырып, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін одан әрі арттырып, өңірді өркендету.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓