Жас мамандар тұрғын үймен қамтылды

– Қаладан еш айырмашылығы жоқ. Ыстық, салқын суы бар. Мектеп жақын, жұмысымыз қасымызда. Бұл үйде 16 пәтер бар. Барлығында кілең жас мамандар, жас отбасылар тұрады, – дейді Әсем.
Осы пәтерлердің кілтін облыс әкімінің өзі тұрғындарға табыс еткен еді. Бір әттеген-айы жап-жаңа үйдің ауласын шөп басып, күтім көрмей кеткен екен. Бір үйде тұратын жастар бірігіп, гүл егіп, үй ауласын жарқыратып қойса қандай жақсы болар еді деген қынжылыс болды біздің тарапымыздан.