Қарағандылықтарға көмек жіберілді

Қостанай облысынан су тасқынан зардап шеккен қарағандылықтарға 10 миллион теңгенің 100 тонна азық-түлігі жіберілді. Жолаушыларды шығарып салуға облыс әкімінің орынбасары Базыл Жақыпов келді.SERG_177
Облыс орталығынан шыққан жеті көлік Қарағанды облысын бетке алған. Көлік керуеніне Астанадан тағы үш машина қосылмақ. Оларға 40 тонна картоп, сонша мөлшерде ұн, 5 тонна макарон, 3 тонна сұйық май, 55 мың бірлік жұмыртқа, консервленген 2 тонна ет, 2 тонна қант тиелген.  Азықтың Тобыл өңірінің жергілікті өнімі екенін айта кеткен жөн. Облыстың 25 өндіріс орындары мен кәсіпкерлері өз өнімдерімен барынша бөлісіп, көмектен тартынған жоқ.SERG_104 Гуманитарлық жүк  Қарағанды облысындағы Қызыл Жарты Ай қоғамының филиалына жеткізіледі.
 
Махаббат Бекбай

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓