Күйеу баласын өлтірген
Рудный қаласында күйеу баласын өлтірген егде жастағы адамға сот үкімі шықты, – деп хабарлайды "Тенгри ньюс".
Қостанай облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған сотта 59 жастағы Жомарт Жарасбаевтың ісі қаралды. Іс материалдары бойынша, 6 сәуірде ол жарымен және Қостанайда отбасымен тұратын қызы Қуаныш Батхидиновамен бірге Рудный қаласындағы мейрамханалардың біріне үйлену тойына барған. Түн жарымда қызы ата-анасының үйіне қайтып келген, онда күйеуі мас күйде болған. Жолдасы Арман қызғаныштан оны ұра бастаған. Қыз осы жағдайды анасына телефон арқылы айтқан. Анасы көмекке әкесін жіберген.
Іс материалдары бойынша, ер адам қайын атасына пышақ ала жүгірген, олар төбелесе кеткен. Олар үйден шығып, аулада алысқан. Айқас кезінде егде жастағы адам пышақты тартып алып, қарсыласына үш рет пышақ ұрған. Батхидинов оқиға орнында қаза тапты.
Жарасбаев қамауға алынды. Қасақана өлтіргенін мойындамады, алайда сот оны 8 жылға бас бостандығынан айырды. Ол қауіпсіздігі қатаң мекемеде жазасын өтейтін болады.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.