Қылмыстық топ құрықталды

Осыдан үш жыл бұрын Қостанай облысы, Әулиекөл ауданында ұйымдасқан қылмыстық топ пайда болған еді. Облыстық прокуратураның деректеріне сәйкес, аталмыш топтың жетекшісі Түлеков есімді азамат ұйымдасқан топқа өзінің таныстарын, туыстарын, ауылдастарын тартқан.
Қылмыстық ұйым 226 кәсіпкерлік субъектісіне қатысты салық төлемдерінен жалтару мақсатында 7 жалған кәсіпорын құрған. Келтірілген шығын 2 миллиардтан астам теңгені құрайды. Кәсіпорындар Қостанай облысы және Астана мен Алматы қалаларында жалған тұлғалардың атына тіркелген. 
«Кейіннен өздерінің қылмыстық іздерін жасыру үшін Түлеков өзінің сыбайластарының бірін өлтіріп, екіншісін бопсалаған. Түлеков оларға есірткі саламын деген желеумен улы затты егіп келген», – деп атап өтеді Қостанай облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.
Жоғарыда аталған топтың қылмыстық әрекеті ҚК 4-бабы бойынша жіктелді. Онда өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза да қолданылуы мүмкін. Тергеу барысы облыс прокуратурасының процессуалды прокурорының бақылауында болды. Барлық тергеу әрекеттері қатаң түрде заңға сәйкес жүргізілді.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓