Зейнетақы мөлшері өседі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов елімізде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы мөлшері қаншаға өсетініне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.пенсия
Министрдің айтуынша, Қазақстанда орташа зейнетақы көлемі 86 мың, максималды мөлшері 117 мың теңге.
«Елімізде зейнетақы төлеміне қатысты ешқандай мәселе жоқ. Ай сайын кесте бойынша беріліп жатыр. Бұл – тұрақты жүйе. Зейнетақы мөлшері жыл сайын инфляция деңгейінен +2 пайызға артып келеді. Өткен жылы, 2018 жылдың ортасында базалық зейнетақы төлемі айтарлықтай өсті. Одан бөлек, әртүрлі деңгейдегі жәрдемақылар да бар», – деді Біржан Нұрымбетов.
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓