Жан-жақты ізденіс

Еліміздің еңселі "Сыбаға" бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы ірі қара малы жоспарға сай 658 бас болса, оның 316-сы сатып алынды. Аграрлық несие корпорациясына 156 басқа өтінім беріліп, 6 шаруа қожалығы 190 басқа құжаттарын дайындауда.
Ал "Бизнестің жол картасы –2020" бағдарламасының екінші бағыты бойынша ауылда кәсіпкерлікті дамыту үшін 42 млн. теңге көлемінде 23 шағын несие алынды. Өнеркәсіптік өндірістік өнім көлемі 1 млрд. 517млн. теңгені, әртүрлі тауар айналымы 625,1 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 104,7% ұлғайлы.
Ағымдағы жылғы егін алаңы 370,8 мың га. Оның ішінде дәнді, майлы, мал азығы дақылдары да бар. Өсімдік шаруашылығын әртараптандыру бойынша мақсатты жұмыс жүргізілуде.
Жалпы, аудан экономикасының ең негізгі секторы шағын және орта бизнес болып саналады. Бұл тұрғыда да жүйелі жоспарлар жүзеге асуда.