Кезекті құс фабрикасы салынады
Арқалықта ет өңдейтін кешен мен бройлер құс фабрикасы салынады. Бұл екі инвестициялық жобаның жалпы құны – 2 млрд теңгеге жуық.Агроөнеркәсіп секторындағы аталмыш қос жобаны жүзеге асыру арқылы 150 жаңа жұмыс орны ашылады. Қала әкімі А.Балғариннің айтуынша, құс фабрикасын іске қосудың бірінші кезеңінде құс саны 30 мыңға дейін жеткізіледі. Бұған дейінгі зауыт жұмыртқа бағытында еді. Ал жаңасы құс етін өндіруді көздейді. Өнім оңтүстік аудандардың тұрғындарының сұранысын қанағаттандырмақ.