Жерлесіміз-жеңімпаз!

 Таяуда Петропавл қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен  Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Мағжан көктемі» ІІІ-ші республикалық өнер фестивалі болып өтті. Фестиваль аясында  жазба ақындардың мүшайрасы, көркемсөз оқу және Мағжан Жұмабаев өлеңдеріне жаңа ән жазған композиторлардың байқауы өткізілді.IMG_3822
         Міне, осы өнер бәйгесінде Тобыл-Торғай өңіріне кеңінен танымал қайраткер, Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі Қалибек Деріпсалдин жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Оның М.Жұмабаевтың өлеңіне жазылған «Жұлдызды-жүзік, айды алқа ғып берейін» атты жаңа туындысын қазылар алқасы жоғары бағалады.IMG_3819      -Жалпы, бұл фестиваль өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Мәселен, мүшайра мен композиторлар байқауына қатысқан ақындар мен өнер шебелерінің арасында бір олқысы жоқ,-дейді жеңімпаз жерлесіміз Қалибек Деріпсалдин.
 
Айбек КӘДІРҰЛЫ
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓