Кітаппен өткен жаз қызық
Жуырда Арқалық қаласындағы №2 кітапхананың оқу бөлімі қалалық саябаққа шығып, "Кітаппен өткен жаз қызық" деген тақырыпта оқырмандармен кездесу және көрме өткізді. Көрмеге газет-журналдармен бірге түрлі әдеби және ғылыми кітаптар қойылды.
Кітапхана қызметкерлері жұртшылыққа кітаптарды таныстырып қана қоймай үгіт-насихат жүргізді. Бұл бастама әрбір адамның өмірлік досы кітап болуы тиіс екенін ұғындырды. "Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік", – деп Ғ.Мүсірепов бекер айтпаса керек. Жаһандану заманында рухани құндылықтарды алға қойып, кітап оқуды насихаттауда кітапхана қызметкерлері қалыс қалып жатқаны жоқ. Сала мамандарының бастамасымен өткен кездесудің өзі кітап пен оқырман арасындағы алтын көпір екені даусыз.
Тынысбек РЫСХАН.
Арқалық қаласы.