Жаңа тағайындау
«Nur Otan» партиясының Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып Күзенбаев Эльдар Қонысбайұлы тағайындалды. Өңірлік партия ұйымының активіне жаңа басшыны филиал төрағасы Архимед Мұхамбетов таныстырды.
Партияның бұрынғы басшысы Жаңабай Бисимбаев өз еркімен қызметінен босатылды.
Эльдар Күзенбаев 1982 жылы туған. Құқықтану мамандығы бойынша Қостанай мемлекеттік университетін және Қостанай инженерлік-экономикалық университетін қаржыгер мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары Қарабалық және Қостанай аудандарында әділет басқармасының басшысы, Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасары, Сарыкөл ауданының әкімі болды. 2018 жылдың шілде айынан бастап Эльдар Қонысбайұлы Арқалық қаласының әкімі, әрі «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының төрағасы болды.
-Сіздер Эльдар Қонысбайұлын жақсы білесіздер. Ол өз ісін білетін шебер, тәжірибелі басшы. Мен оған жаңа салада табыс тілеймін. Сондай-ақ Жаңабай Жолтайұлына атқарған жұмысы үшін алғысымды білдіргім келеді, – деді облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы ҚОФ төрағасы Архимед Мұхамбетов.
Партия филиалының төрағасы Архимед Бегежанұлы жаңа орынбасардың жұмысына сәттілік тіледі.
Әсел Қибаш
Суретті түсірген Б.Көркембаев.