Сапа сұранысқа сай болса…

          Еуразиялық Одақ қазақ нарығы үшін қол болмай тұр. Біздің кәсіпкерлер өндірген тауарлар өтпейді. Соның салдарынан салық түсімі азайды. Кәсіпорындар жұмыс орындарын қысқартуға мәжбүр. Мұнымен қайтіп күресуге болады?
          Облыстық кәсіпкерлер палатасы мәселенің түйінін бірлесіп шешуге бел буды. «Отандық бизнесті бәріміз бірге өрге сүйреуіміз керек. Бұл оңай шаруа емес»,-деді кәсіпкерлер Палатасы өңірлік кеңестінің төрағасы Василий Розинов.roz
        Оның айтуынша, жергілікті жерлерде өнім өндіру көлемін ұлғайтқан жөн. Ресей мен Беларуссиядан әкелініп жатқан тауарлармен бәсекелесу үшін сапаға басты назар аудару керек. Айтпақшы, қазақстандық автосалондарда жеңіл көліктердің бағасын 30 %-ке дейін төмендету диллерлердің табысын көрсетіп берді емес пе.
         Жеңіл өнеркәсіптің жағдайы да сын көтермейді. Қостанайдағы «Большевичка» тігін фабрикасы мен «Жейде» тоқыма фабрикасы тек мемлекеттік тапсырысты ғана орындайды.31 Алып нарықты жаулау үшін халық көп тұтынатын киім-кешектер шығаруды қолға алатын кез жетті. Өйткені, базарлар мен дүкендерде қазір Беларуссия, Қырғызстан мен Қытайдың тауарлары сықасып тұр. Жұрттың бәрі сапасы күмәнді болса да арзанқол дүниеге әуес. Сондықтан, бизнесті дамыту үшін отандық өнімдерге басымдық берген жөн.
        -Біздегі кәсіпорындар өз мүмкіншіліктерін пайдалана алмайды. Мәселен, «ЕвразКаспианСталь» ЖШС-ші қажетті шикізатты Ресейден сатып алады, оның орнына неге Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатынан сатып алмасқа?- деді облыс әкімі Нұралы Садуақасов,- біздің облыстың мүмкіндігі көп, соны кәдеге жарата білуіміз керек. Шикізатты алыстан іздеудің қажеті жоқ, өнім түрлерін көбейту керек. Егер өндірген өнім өтпесе, кәсіпорындардың жұмысы тоқтайды. Бұл салыққа едәуір салмақ түсіреді. Сондықтан, біздің алдымыздағы тұрған ең үлкен міндет, ол –отандық өндірісті сақтап қалу.
      Кәсіпкерлер жарнамамен жұмыс істей білмейді. Жергілікті газеттер мен телевидениенің қызметін неге пайдаланбасқа?! Шетелдерде кез келген кәсіпкер өз табысының 25 %-ын жарнамаға жұмсайды екен. Біздегі көрсеткіш бар болғаны 7%. «Оның мұндай тәуекелге өзінде ірі кәсіпорындар ғана барады. Қалғандары өз тауарларын жарнамалауға құлықсыз. Сосын өндірілген өнім қайдан өтеді»,-деді В. Розинов.
     Кеңесте сөз алған баспа өкілдері кәсіпкерлермен қашанда бірлесіп жұмыс істеуге әзір екендіктерін айтты.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓