Әріптестік нығая түспек

Ресей мен Қазақстанның арасындағы экономикалық байланыс күн санап нығайып келеді. Бұл әріптестікті одан әрі қуаттай түсу үшін қос мемелекет біріккен жобаларды қолға алмақ. Екі ел билігі кәсіпкерлерді қолдауға әрқашан дайын. Ал әзірше тараптар тек танысып-білісіп, өз ұсыныстарын айтуға алғаш рет бас қосты.0269555a20f43176b152c0f828ff3ed0Қоңсылас жатқан Челябі облысында өткен іскерлік кездесуге Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Омбы қаласындағы ҚР елшісі Эльдар Қонаев және "Атамекен" ҰКП басқармасы төрағасының кеңесшісі Ғани Қасымов пен басқарма төрағасының орынбасары, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы басқармасының өкілі Салтанат Аханова, Қостанай аймақтық кәсіпкерлер палатасының директоры Мұрат Әбенов, "Kazakh Invest" ҰК" АҚ басқармасы басшысының орынбасары Мейіржан Майкенов, сондай-ақ, өңірдегі ең ірі кәсіпорын басшылары қатысты.
Қос тарап әуелі Челябі қаласында өтетін Қазақстан Республикасы мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XIV форумына дайындығын талқылады.9a03f640fa3f13eb86fd998cd2e8917c-Биыл Челябі облысы кезекті өңіраралық форумды өткізу мәртебесіне ие болды. Бұл маңызды шарада біріккен инвестжобаларды, келісімшарттарды көрсету жоспарда бар. Әрине, біз Қостанай облысымен әуелден берік қарым-қатынастамыз, бірақ, соңғы жылдары Қазақстан аумағындағы ресми және іскерлік байланысты ұлғайттық. Бірінші кезекте, халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізгелі отырған Астанамен байланысқа түскенімізді атап өткім келеді,-деді Челябі облысының губернаторы Борис Дубровский.
Сондай-ақ, ол Астанадағы көрмеде Оңтүстік Орал делегациясы өңірдің әлеуетін ғана таныстырмай, үлкен шараларды өткізуде тәжірибе алмасып, Қазақстаннан көп нәрсе үйренуге болатынын тілге тиек етті.2627826c0326b40eae63c110b7368d97Өз кезегінде Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Тобыл-Торғай аймағындағы жұмыстарға тоқталды.
-Челябі мен Қостанай облыстары – әуелден әріптес. Бұған дейін де бірталай инвестциялық жобаларды жүзеге асырдық. Біз Ресей Федерациясының нарығы үлкен екенін жақсы білеміз. Енді сауда-саттық көлемін ұлғайтуды көздейміз. Мәселен, екі ел арасындағы өткен жылғы ішкі тауар айналымы 1 млрд, 500 млн АҚШ долларын құрады. 3 пайызы Қостанай облысына тиесілі. Алдағы уақытта темір кені мен минералдар, дәнді дақылдарды көбейтеміз,-деді ол.5156aceb636da5cc3ebf878febb7d681Челябі үкіметі оңай әрі тиімді бизнес үшін біздің облыстың шекарасына қарай жолдың бойында үлкен логистикалық орталығын салды, дәл осындай жүйе келер жылы Қостанайда да ашылмақ. Онда бизнес үшін барлық жағдай жасалады. Заманауи үлгіде жабдықталған сақтау қоймасы және жүктерді ресімдеу үшін барлық тиісті мемлекеттік қызмет бір жерден көрсетіледі. Осылайша, Елбасы айтқан халықаралық ынтымақтастық шеңбер аясында ұлттық экномикалық мүдделерді қорғап және олардың алға жылжуын қамтамасыз етпек.900db4103218b8d53434fd58aeb23e6dАл бұл бастамаға Кедендік одақ өкілдері ғана емес, сонымен қатар, Еуразиялық кеңсітікте басқа да елдер қызығушылық танытып отыр. Бұған Қостанай облысы делегациясының Өзбекстанға жасаған іссапары себеп болды. Өзбекстан Республикасы Қазақстанның, атап айтқанда, Қостанай облысының логиситикалық мүмкіндіктерін жақсы қабылдады. Өзбек өнімі Ресейде, нақтырақ айтсақ, Қостанай облысымен шекаралас аймақтарда үлкен сұранысқа ие, ал бұл дегеніміз – көл-көсір пайда әкелетін, миллиондаған тұтынушысы бар нарық.  954f5fb0762def6e156d0745546e866dҚазақстанның сыртқы сауда палатасы басқармасының өкілі Салтанат Аханова кәсіпкерлер арасындағы ынтымақтастықтың ықтимал жолдары туралы айтып, Қазақстан мен Челябі облысының бірлескен кәсіпорындарын құру туралы ұсыныс білдірді. Сондай-ақ, Челябі облысы аумағында тек қазақстандық өнімдерді сататын "Қазақстан сауда үйін" салуды ұсынды.
Сонымен қатар, бұл басқосуда Қазақстан мен Ресейде шекаралық аймақтағы облыс өнідмерінің жәрмеңкесін өткізу жайлы айтылды.
Жиын соңында облыс басшылары тілшілермен аз-кем сұхбаттасты.
Борис Дубровский, Челябі облысының губернаторы:
-Бұл жерде біз тек экономикалық емес, барлық мәселелерде жақсы қарым-қатынаста болуды көздейміз. Шекаралас жатқан облыс болғасын халықтардың достығы мығым, ара-қатынасы түзу болу керек. Бұл аймақта ортақ өмір ағымы жүріп жатыр. Қазір біз нақты бір жобаны талқыламадық. Тек ұсыныстар айтылды, жақынырақ таныстық және де екі ел кәсіпкерлерінің бірі қандай да бір іске кіріссе, билік өкілдері қолдау білдіруге дайын екенімізді жеткіздік. Сондықтан оларды іске қорықпай кірісуге шақырамыз.
Архимед Мұхамбетов, Қостанай облысының әкімі:
-Кәсіпкерлікті қолдауға әзірміз. Қостанай облысы азды-көпті көршілес нарыққа сіңісіп үлгерді. Мәселен, Магнитогордағы металл комбинатына көп жылдар бойы темір рудасын экспорттап келеміз. Әріптестік қарым-қатынас орнады, бәрі осылай басталады. «Баян Сұлу» конидтерлік фабрикасының өнімдері Ресей нарығында жақсы сұранысқа ие. «Деп», «Лидер-2010» сынды сүт өнімдері де осында сатылады. Қазақстандағы бидайдың 25 пайызын Қостанай облысы өсіреді. Соның 2 млн-ға жуық тоннасы осы Ресейге экспортталады. Ең бастысы, біз, жергілікті билік, кәсіпкерлерге бар жағдайды жасауымыз керек. Челябі облысының әлеуеті зор, біз соны тиімді пайдалансақ дейміз. Бізбен Орынбор мен Қорған облысы да шекаралас, бірақ біз Челябі арқылы шығуды көздейміз.Челябі мен Қостанайдың шекарасы 800 шақырымға жуық аймақты алып жатыр. Келешекте біріге отырып, Қытай нарығына шығуды да талқыладық.
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ
Челябі-Қостанай.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓