“Еңбекпен” еңсе көтерген

"Еңбек" бағдарламасы өңірде кәсіпкерлікті дамытуға көп септігін тигізіп жатыр. Бұл туралы облыстық Аулы шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Жансұлтан Таукенов ақпарат берді.IMG_4180
Басқарма басшысының айтуынша, аталмыш бағдарламаның екінші бағыты бойынша кәсіпкерлердің несие алуына барынша қолайлы мүмкіндік жасалған. Мәселен, мал шаруашылығын дамыту үшін 7 жыл мерзімге 6,6 млн теңгеге дейін несие беріледі. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі де ыңайлы – 6%-тен көп емес. Шағын несиелер бизнестің басым бағыттарының 65 түрі бойынша беріледі.
"Бағдарламаның тағы бір бағыты – "Бастау бизнес" және "Жас кәсіпкер" жобалары аясында кәсіпкерлік негіздерін оқыту курстарынан өту мүмкіндігі. 2019 жылы "Бастау Бизнес" жобасы бойынша 3140 адам оқыған. 470 қатысушы жеке бизнесін ашса, 863-і қаржыландыруға ие болды. Оның ішінде, 442 адам мал шаруашылығын дамытуға кірісті. Ал "Жас Кәсіпкер" жобасы бойынша 900 адам оқыды. 294-і өз ісін ашқан. 354 қатысушы қаржыландыруға қол жеткізіп, 63-і мал бағуды бастады", – деді Ж.Таукенов.IMG_4183
Шағын несиелерді кепілдендіруге жергілікті бюджеттен 17,4 млн теңге бөлініп, жалпы сомасы 57,8 млн теңгенің 13 кепілдемесі берілгенін айта кетті басқарма басшысы. Жалпы, бағдарлама аясында 2019 жылы 892 жаңа жұмыс орны, 505 стартап жоба пайда болған. Жіктей айтқанда, құрылған 892 жұмыс орнының 502-сі ауыл шаруашылығына, 390-ы қызмет көрсету және өзге де салаларға тиесілі болды. 505 стартаптың да 359 жобасы мал шаруашылығын дамытуға бағытталған. Айталық, шағын несиелер есебінен 1898 ІҚМ, 1869 бас жылқы және 1628 қой-ешкі сатып алынған.
"Шағын және орта бизнесті шағын несиемен қамтуға 3033,6 млн теңге бағытталды. Оны "Ауыл шаруашылығын қолдау қоры" және "Аграрлық несиелік корпорация" акционерлік қоғамдары бөлген. Қаржылық институттардың мәліметінше, осынша сомаға 819 өтініш берілген. Оның 783-і ауылдық жерлердің азаматтары екен", – деп толықтырды басқарма басшысы.IMG_4125
Оның айтуынша, Амангелді, Жангелдин, Меңдіқара, Қостанай және Алтынсарин аудандары "Еңбек" бағдарламасына анағұрлым белсенді қатысқан.
 
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓