Әлеуметтің әлеуеті артып келеді

IMG_7888– Ауданда халықты әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша әр түрлі шаралар іске асырылуда.  Жылдың басында жұмысқа орналасу бойынша 313 адам өтініш білдірді, соның 219 жұмыспен қамтылды. 49 жаңа тұрақты жұмыс орны пайда болды. Ал қоғамдық жұмыспен 109 адам қамтылды. 54 әлеуметтік жұмыс орны құрылып, 16 кәсіпорынмен шарт жасалды. Қабылданған шаралар нәтижесінде тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,5 % құрады, өткен жылы бұл көрсеткіш   0,7% болған еді.
IMG_1849"Ақ  бұлақ" бағдарламасы аясында 3,3 млрд. теңге көле-мінде Сарыкөл кентінде желілерді қайта құру жобасы жүргізілуде.  Жоба басында 45 шақырым су құбыры торабы салынып,  271 құдық құрастырылды. Екі таза су сақтайтын нысанның жұмысы жүргізіліп, №3 насос бекетінің жұмысы аяқталды. 
Жалпы, аудан экономикасы мен әлеуметтік саласын  дамытудағы атқарылар жұмыстар әлі алда.
 
Түйін:
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына "Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Жолдауында еліміздің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылуын қадап айтты. Ол  үшін  ел экономикасын одан әрі нығайтып, яғни, айқындалған әлеуметтік-экономикалық дамуға қол жеткізу қажет. Осы тұрғыда ел өміріне өңірлердің де қосар өзіндік үлесі зор.  Олай болса, саф алтындай дәнге бай Сарыкөл ауданындағы жұртшылық үшін жасалып жатқан жүйелі жұмыстар жалғасын таба бермек…
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓