Талқыда – жолдау жүктеген міндеттер

Қостанай облыстық  «Nur Otan» партиясының өңірлік филиалында депутаттық фракция отырысы өтті. Келелі кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында жүктелген міндеттер талқыланып, өңірде атқарылған істер баяндалды.1
Жиынға қатысушылар саяси құжаттың мәні мен мағынасына жеке-жеке тоқталып, оның қазақстандықтардың табысын арттыруға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталғанын атап өтті. Білім мен денсаулық саласы  – басты назарда. Осы бағытта өңірде бірқатар жобалар қолға алынған.
 – Балалардың оңалтуға арналған шағын және орта орталықтардың санын көбейту назарда. Бүгінде  № 2-ші Қостанай мектеп-интернатын қайта ұйымдастыру үрдісі қолға алынды. Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап,  70-80 жататын орны бар ерекше күтімді қажет ететін 150-200 баланы қабылдайтын орталық ашылады.  Одан бөлек,  Қостанай мен Рудный қалаларында инклюзия кабинеттерін ашу жоспарлануда, – деді білім басқармасы басшысының орынбасары Айжан Баймақанова.
 Сол сияқты Мемлекет басшысы мәдениет саласының қызметкерлерінің еңбекақысының аз екендігін айтқан еді. Осыған орай, 2020 жылдан бастап Үкімет кітапхана, музей, театр қызметкерлерінің жалақысын арттыруға бағытталған шараларды қолданатын болады.3
 – Өңірде 3 мыңнан астам мәдениет қызметкерлерінің жалақысы артады. Қала мен аудан әкімдіктері еңбекақыны арттыру бойынша жұмыс істеуде.  Келер жылдан бастап, шамамен 30 пайызға  өседі, – дейді мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов.2
   2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде қазақстанның деңсаулық сақтау жүйесі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру моделіне ауысатыны белгілі. Осы ретте, маңызды бастаманы түсіндіру мақсатында  апта сайын «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде кеңес беру жұмыстары жүргізіліп келеді. Денсаулық саласына аағымдағы  жылы бюджеттен 53 млрд теңге бөлінді. Биыл тегін кепілдендірілген медициналық көмек аясында дәрі-дәрмектерге жергілікті бюджеттен 170 миллион теңге қарастырылды. «Ауыл – ел бесігі» аясында Қарасу, Меңдіқара, Сарыкөл, Федоров, Әулиекөл аудандық  5 аурухананың жөндеу жұмыстарына 490 млн тенге қарастырылған. Кейінгі жылдары өңірде медицина саласы айтарлықтай дамуда. Өйткені, сала қызметкерлерінің мәртебесін көтеру және оларды барынша қолдау Мемлекет басшысының үнемі назарында. Соңғы жылдары өңірде қолға алынған мемлекеттік бағдарламалар бүгінде өз нәтижесін беріп, жаңа ғимараттар салынып, саланың материалдық-техникалық базасы нығайып келеді. Алайда, медицина мамандарының тапшылығы байқалады.
 – Өңірдегі кадрлық жағдайды жақсарту мақсатында үлкен жұмыс атқарылуда. Бүгінде денсаулық сақтау саласының мемлекеттік секторында 15 мың соның ішінде 1,5 мың дәрігер мен 6 мыңнан астам орташа білімі бар маман жұмыс істейді.  Емдеу – диагностикалық бағытта қызмет ететін 360 дәрігер, орта медициналық білімі бар 600 маман жетіспейді, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Вячеслав Дудник.
     Өңірге ағымдағы жылы 267 жас маман келген. 50 дәрігерге 75 млн теңгеден астам көтерме ақы беріліп, Лисаков, Арқалық және Қостанай қалаларында баспанамен қамтылуда. Жалпы, өңірде Жолдау аясында әлеуметтің әлеуетін әлдендіруде оң өзгерістер күтілуде. Халқымыздың бақуатты өмір сүруі және еліміздің озық дамыған елдерінің қатарына қосылуы – Тәуелсіз мемлекетіміздің мәңгілік мұраты. Өңірлерді аралайтын «Nur Otan»  партиясы облыстық мәслихатының депутаттары енді  халық арасында түсіндіру, ақпараттық жұмыстарын жүргізеді. 
 
Әсел ҚИБАШ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓