Құнды жәдігерлер мұражайда сақталмақ

Қамысты аудандық полиция бөлімінде Қазақстан ішкі істер органдарының құрылу кезеңінен бергі сирек экспонаттар жинақталған музей ашылды. Оған аудан әкімі Ғазиз Бекмұхамедов пен «Алтынсарин» ЖШС директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Борис Князев арнайы қатысты. Ал мұражайды алғаш тамашалағандар – Қамысты орта мектебінің 11 сынып оқушылары.
фото 1-
Өткен ғасырдың 70-ші жылдары қолданыста болған «Миг» телефон коммтаторы, отыз жыл бойы қылмыс болған орынды түсіруге қолданған «Зенит» фотоаппараты келушілерді қызықтырмай қойған жоқ. Ал тәртіп сақшыларының жетістіктерін баяндайтын спорт саласының жәдігерлері музейдің бір бұрышын алып жатыр. Мәселен, аудандық полиция бөлімі Ұзынкөл ауданында қызмет барысында қаза тапқан Бағыт Қасымовты еске алуға арналған шағын футболдан облыстық жарыстың 2015 жылғы жеңімпазы.
фото 2
Тағы бір бұрыш 60-шы жылдары киген милицияның қызметтік киіміне, арнайы стенд бөлім құрылғаннан бергі 19 басшының суреттеріне арналған.
«Біз ауданымыздағы милиция бөлімінің 1957 жылы құрылғанынан хабардар болып тұрмыз. Ол кезде 15 қызметкермен жұмыс бастаған екен, қазір мұнда 40 полицей еңбек етуде», – дейді мектеп оқушылары.
фото 3-
Аудан әкімі Ғазиз Бекмұхамедов жергілікті билік тарапынан полиция құрылымының материалдық-техникалық базасын жақсартуға әлі де көмек көрсетілетінін жеткізді. Айталық, 2017 жылы мұнда соңғы үлгідегі техникамен жабдықталған заманауи тир ашылды. Ал облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев мұражайдың ашылуы жастарды патриоттыққа тәрбиелеп, тарихымызды білуге зор ықпалын тигізетінін жеткізді. Айтуынша, алдағы қазан айында Бейімбет Майлин аудандық полиция бөлімінде ерлік бұрышы мен ескерткіш ашылады. Ал қазіргі уақытта аймағымыздың 5 ауданында қызмет барысында қаза тапқан тәртіп сақшыларының құрметіне ескерткіш белгілер ашылған. 
фото 4
фото 6

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓