ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАРТУ

Белгілі ғалым, ұстаз, қоғам белсендісі  Қалқаман Жақып  жуырда ғана Тілдерді дамыту басқармасы өткізген «Тіл – алтын қазына» байқауының жеңімпазы атанып, облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың қолынан 1 млн теңге ақшалай сыйлық алған еді. Атымтай азаматалған сыйлығының бір бөлігін туған жеріндегі Тілдерді дамыту орталығынатарту етті. Кіндік қаны тамған Меңдіқараға арнайы барған тіл жанашырын аудан әкімі Нұрлан Қатарбеков қабылдап, рахметін айтып, алғыс хат табыс етті.WhatsApp Image 2019-09-30 at 18.09.34
Одан кейін Қалқаман Хасенұлы аудандық тілдерді оқыту орталығыныңоқытушыларымен кездесті. 2012 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан бұл орталықта бүгінде 8 қазақ тілінің, 1 ағылшын тілінің мұғалімі жұмыс істейді. Олар негізінен мемлекеттік қызметкерлерді оқытады.  Бүгінде  орталық мамандары Алешин, Буденый, Введен, Соснов, Красная Пресня, Михайлов сияқты 6 ауылдық округте мемлекеттік тілден сабақ береді. WhatsApp Image 2019-09-30 at 18.09.35-Бүгін Меңдіқараға өзіміздің жерлесімізәрі ұстазымыз Қалқаман Хасенұлы келіп, мәнді де мағыналы кездесу шарасы өтіп жатыр. Өзі зейнеткер болса да, ағамыз сыйлығының бір бөлігін аудандағы мемлекеттік тілді дамытуға беріп, азаматтық пен туған жерге деген шынайы перзенттік сүйіспеншіліктің үлгісін көрсетті. Біз де қуанып жатырмыз. «Қарға басып жейді, қыран шашып жейді» – дейді ғой дана халқымыз. Қыран тектес біздің Қалқаман ұстазымыз да біздің мақтанышымыз, ауданымыздың құрметті азаматы, – дейді аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекшісі Жанат Тәженова. WhatsApp Image 2019-09-30 at 18.09.35(2)
Меңдіқара аудандық тілдерді оқыту орталығына көптен бері түрлі-түсті принтер, бірнеше магнитті тақта, тағы бір компьютер қажет болып жүр екен. Бөлім басшысының айтуынша, осы қажеттердің барлығы ғалым-ұстаз Қалқаман Жақып тарту еткен ақшаға сатылып алынады.WhatsApp Image 2019-09-30 at 18.09.35(1)
Нұрқанат Құлабаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓