Қазақстан Президенті Қасым-жомарт Тоқаев ел мұғалімдерін кәсіби мерекесімен құттықтады, – деп хабарлайды
Tengrinews.kz тілшісі.
"Ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Олардың ағартушылық қызметі және жас буынды тәрбиелеу жолындағы тынымсыз еңбегі әрдайым жоғары бағаланады. Күрделі кезеңге қарамастан мемлекет мұғалімдерге қолдау көрсете береді", – деп жазды ол Twitter желісіндегі парақшасында.