Шатырдан су ағып жатыр

 
Облыс орталығындағы Қайырбеков көшесі 371\1 мекенжайында орналасқан көпқабатты үй проблемадан арылмай-ақ қойды. Кешелі бергі күннің күрт жылынуынан үйдің төбесінен оныншы, тоғызыншы қабаттардағы пәтерлер мен дәліздерге су кетіп жатыр. Қазір осы үйдің еркек атаулысы тегіс таңертеңнен бері шатырда жүр. Олар қар аралас мұзды ойып, жерге қарай лақтыруда. Жігіттер мұзды қатты ұрғылауға қорқады, себебі оның астындағы рубероид тесіліп қалса, одан бетер су кетеді дейді. 12675232_1008634669197104_1249623632_o
12695096_1008634905863747_1390994202_o
12655970_1008634759197095_958867095_oАл әйелдер болса, үйдің бөлмелері мен дәліздегі суды кептіріп әлек. Қабырғамен бойлап өтетін суағар құбырлардың сыртымен де су кетіп жатыр. Жұртшылықта дәліздердегі электр есептегіштер мен ашық сымдарға ылғал жете көрмесін деген үрей бар.12669983_1008622222531682_352495419_o
 
12669305_1008635275863710_815966344_o– Жаздың жауыны мен қыстағы қардың ерігенінен әбден ығырымыз шықты. Әйтеуір төбеден су ақса болды – әуреге түсеміз. Қазір балалар жататын бөлмедегі жарыққа келетін сымның орнынан су сорғалап тұр. Немерелерді басқа бөлмеге ұстап отырмын. Бөлмелер сыз тартып кетті. Осы үйдің төбесін жазда жөндеп беріңдер деп әкімдікке, пәтер иелері кооперативіне айтумен келеміз, бірақ ешқандай нәтиже жоқ, – дейді оныншы қабат тұрғыны Айымгүл Тұяққызы.
Тұрғындар осы өткен қаңтар айының аяғында ғана Қостанай қалалық құрылыс бөліміне осы мәселені көтеріп хат жазған екен. 4 ақпан күні бөлім басшысы М.Қаратаев қол қойған жауап хат келіпті. Хатта құрылыс жұмыстарын жүргізген «Евростиль І» ЖШС кепіл мерзімі аяқталғаны жазылған және тапсырыс беруші тарап мердігер компанияны сотқа бергені келтіріліпті. Демек, алдымен мердігер серіктестіктің сапасыз төбе салғаны дәлелденеді. Одан кейін компанияға осы олқылықты жою міндеттеледі. Кез келген құрылыс жұмыстары, әсіресе, даладағы жұмыстар қыста емес, жаз шыға жүргізілетіні белгілі. Ал оған дейін көпқбатты үйдің тұрғындарына тамшылаған сумен алысып отыруларына тура келеді.   12695453_1008635335863704_1712889448_o
Дәл осы Қайырбеков көшесіндегі 371\1 үйдің құрылысы басталмай жатып, небір дауға себеп болғаны бұған дейін жазылды да. 2013 жылы ерте көктемде тұрғындарға салтанатты түрде тапсырылуы тиіс нысанға пәтер иелері бір жыл кешігіп барып кірді. Одан кейін жұртшылық инженерлік-коммуникациялық жүйенің дұрыс жүргізілмегенін, кейбір пәтерлердің сылағы түсіп жатқанын айтып шағымданды. Ол аздай, көп қабатты тұрғын үйге көгілдір отын біразға дейін тартылмай, ол да айғай-шуға ұласқан болатын.
 
 Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ            
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓