«Орталық стадион» шілдеде тапсырылады
Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов құрылыс және қайта жаңарту объектілірін аяқтау мерзімдерін бақылауға алуды тапсырды.
Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен аппараттық мәжілісте баяндалды. Тұрғын үй және инженерлік коммуникация құрылысы, сонымен қатар қалада дене шынықтыруды дамыту және спорттық инфрақұрылым жағдайлары бойынша жоспарлар талқыланды.
Мәжіліс қорытындысы бойынша қала әкімі спорт бөлімінің басшылығына 1 шілдеге дейін тапсырылуы тиіс. «Орталық стадион» күрделі жөндеу және қайта жаңартуды бақылауда ұстауды тапсырды.
Ең бастысы – жүгіретін жолдар жөнделіп, жанкүйерлерге арналған мінбе кеңейтіледі. Жуынатын, киім ауыстыратын бөлмелер жаңарады. Сондай-ақ, спортшылардың жаттығу залы жаңа кейіпке енеді. Стадиондағы орындар саны 8645-ке дейін көбеймек.
Бұл күні «Спорт сарайы» ғимаратына да күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау мәселесі қаралды.