Тәртіп сақшысы дән қалдықтарын ұрлаған күдіктіні ұстады
Қостанайлық АІБ жергілікті сақшы, полиция капитаны Қуандық Сәттібаев тінту барысында дән қалдықтарын ұрлаған күдіктіні тапты. Еске салсақ, ауданда «Мен сіздің тәртіп сақшыңызбын!» атты акция өтуде. Осыған орай биылғы жылы облыста 67-і қылмыс, оның ішінде 32-сі өзгенің мүлкін тонау қылмысы анықталған.
Тәртіп сақшысына Глазуновка ауылының 63 жастағы тұрғыны шағымданған. Кәсіпкердің айтуынша, оның шаруа қожалығының аумағыннан дән қалдықтары салынған қапшықтар жоғалған.
Зейнеткердің арызы тіркеліп, қылмыскерді іздеу барысында жергілікті тәртіп сақшысы Сәттібаев 44- жастағы күдіктіні ұстады. Күдікті сол ауылдың тұрғыны болып шықты. Қылмыскер дән қалдықтарын өзінің үйінің ауласына жасырып, кейін сатуды көздеген.
Еске сала өтсек, «Мен сіздің тәртіп сақшыңызбын!» акциясы қаңтардың 25-іне дейін созылды. Іс-шара барысында тәртіп сақшылары өздеріне тапсырылған әкімшілік аудандарды аралап, ұрлықтың алдын-алу туралы мәліметтер жазылған буклеттер мен парақшалар таратты. Кәсіпкерлерге нысанды техникалық жабдықтау керектігі туралы ұсыныс хаттар жолдануда. Жыл басынан бері, 13 кәсіпкер бейнебақылау қызметін орнатқан.

Ақбота Сақұлова