Мерейлі отбасылар

P1010352Қостанай каласында "Отбасы күніне" арналған мереке өткізілді. Сол күні "КСК" шағын ауданындағы студенттердің мәдениет сарайына халық лық толды. Көпшілігі – жас отбасылар.
Мерекелік шара концертпен жалғасып отырды. Наталья Пикулеваның,Нұржан Жақсанның, Ильдар Серғазиндердің әндерін көрермендер жылы қабылдады.
"Менің отбасым" акциясының мақсаты көп бала тәрбиелеген ата-аналарды үлгі ету болды. Мәселен, "Қазақстан-Қостанай" телекомпаниясының дикторы Ербол Ипбергенов пен оның зайыбы Ақжан бес бала тәрбиелеп отыр. Үлкен ұлы Бекжанның жасы онда, оқу озаты, спортпен айналысады. Сегіз жастағы қызы Кәмила музыка мектебінің фортепьяно класында оқиды, облыс-тық жүлдені иеленген. Абузар бірінші сыныпқа барып жүр. Егіздер – Арафат пен Ағияттар – отбасы мақтанышы.
P1010346Ипбергеновтер отбасы сахнаға көтерілгенде залдағы халық дуылдата қол соқты. Оларға ыдыс-аяқ сыйлыққа берілді.
Төлегеновтер отбасында тоғыз бала тәрбиеленіп отырғанын естіген жастар елең етті. Олардың әкесі Нұрлан жүргізуші, анасы Гүлжауһар – Заречный орта мектебіндегі бастауыш сынып мұғалімі.
Балалардың ішінде спортпен айналысатындар бар. Алтыншы сыныпта оқитын Әлина каратэден Ақтау қаласындағы чемпионатта бірінші орынды жеңіп алды. Он жасар Шыңғыс та каратэші. Төртінші сынып оқушысы Дарья каратэ өнерін үйренбекші.
Ермекбай
     ХАСЕНОВ
Суреттерде: Ипбергеновтер отбасы сахнада, каратэші жас Төлегеновтер.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓