Жерлестеріміз алғашқы бестіктен көрінді
Жуырда Өскемен қаласында Елбасы Н.Назарбаевтың жүлдесі үшін өткен V-ші халық спорты ойындары мәреге жетті. Спорттың шағын футбол, волейбол, тоғызқұмалақ, асық ату, қазақ күресі тәрізді он түрін қамтыған байрақты бәсекеде қостанайлық қыз-жігіттер намысты ту етті. Сөйтіп 139 ұпай жинаған жерлестеріміз он төрт облыс пен Астана, Алматы қалаларының командалары қатысқан сында бесінші орынды еншіледі. Ал алғашқы жүлделі үш орынды Шығыс Қазақстан, Павлодар, және Ақтөбе облыстары иеленді.
Әлібек ЫБЫРАЙ.
Суретте: Қостанай облысының командасы жарыстың ашылу салтанатында.