Қостанайда тілдерді оқытатын орталық жоқ
Қостанай қаласында жыл сайын "Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының өзге де тілдерін дамыту" бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен 2,5 млн теңге бөлінеді. Бір өкініштісі, тілдерді оқытатын қалалық орталық жоқ. Соның салдарынан қазақ тілін үйренуге ниетті тыңдаушылар 2020 жылдан бері "Тілдарын" облыстық орталығына барып жүр.

– Биыл мемлекеттік тіл саясатын жан-жақты ақпараттық насихаттау мақсатында "Қостанай таңы" газетімен бірлесіп "ТүзеТілді" жобасын әзірледік. "Тіл керуені" мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде үш іс-шара өтеді. Мұның бәрі халықтың әртүрлі санатын қамту мақсатында қолға алынып отыр. Тағы бір айта кетерлігі, қалада тіл саясаты саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйым жоқ,-деді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айсұлу Әубәкірова.
Шаһар басшысы Марат Жүндібаев ҮЕҰ-дарға қатысты ұсыныстарды қаржыландыруға дайын екенін айтты.
Қымбат ДОСЖАНОВА.
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.