300 полицей латын қарпінде оқыды

Қостанай облысының Полиция департаментінде 300 қызметкер латын қарпінде жазуды үйренді. Ашық сабақты Қостанай қаласы әкімдігінің «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығының оқытушылары өткізді. Бұл туралы Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі хабарлайды.DSC00526
Бүгінгі таңда департаменттің 151 қызметкері мемлекеттік тілде, 51-і ағылшын тілінде білім алып жатыр. Орталық оқытушылары тәртіп сақшыларына заң талаптарына сәйкес деңгейде қазақ тілін үйретеді. Бұқарамен тығыз жұмыс полицейлер бүгін мемлекеттік тілді мейілінше меңгеріп, латын қарпіндегі әріптердің тұлғасымен танысты.DSC00540
-Қазақ тілін әрбір полицей білуі керек. Біз бүгін «Тілдарын» орталығымен тығыз байланыстамыз, тіпті, тәртіп сақшыларының үш тілді өз деңгейінде меңгеруін қолға алдық. Биылғы оқу маусымында қазақ тілі курстарына баратын қызметкерлер саны екі есе артпақ,-деді Қостанай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ардақ Ынтықбаев.
Департаменттің мәжіліс залына басқарма басшыларынан бастап, қатардағы қызметкерлерге дейін жиналды. Бас-аяғы 300 полицей бір мезетте төл дыбыстарды айтып, оларды жазып үйренді. Алдағы уақытта мұндай ашық сабақтарды өткізу жиілей түспек.DSC00532
-Полицейлер – біздің ең үздік тыңдаушыларымыз. Олар үнемі белсендік танытып, біздің сабақтардан қалмайды. Енді оқытушыларды өздеріне шақырып отыр. Мұнда мемлекеттік тілдің мәртебесі жоғары, қолданыс аясы да зор,-дейді «Тілдарын» орталығының оқытушысы Айнұр Нұрбекова.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓