Зейнеткер зайыбына пышақ салды

Мамандандырылған ауданаралық сот Қостанайдың 70 жастағы тұрғынына өз жұбайын өлтірді деген айып тақты. Қария әйеліне 17 жерден пышақ салған. Бұл туралы Tengrinews.kz Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілетеме жасай отырып хабарлайды. убийца нож
1946 жылы туған азамат Л. зайыбымен жанжалдасып, арты қайғылы оқиғамен аяқталған. Іс материалы бойынша, 1 наурыз күні сағат 12:30 шамасында күдікті ішіп келіп айқай-шу шығарады. Ұрыстың себепшісі де сол – Л.-ның аузының арақтан босамайтындығы. Дау соңы қанды қылмысқа баруға алып келген.
Тергеу нәтижесіне сүйенсек, қарт асүйден пышақ алып келіп, әйелінің алқымынан соққы жасаған. Өз өмірін құтқармақшы болған жапа шегуші жан-дәрмен жатын бөлмеден кіре беріске дейін қансырап қашып шығады. Алайда күйеуі оны дәл шығар есіктің маңында қуып жетіп, денесіне 16 жерден пышақ салады. Әйел сол жерде жан тапсырған. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓