100 адам жұмылдырылған

26 қыркүйекте сағат 19:10-да 101 пультіне Қостанай ауданында қала маңы орманшылығының аумағында құрғақ шөп өртеніп, қызыл жалын қайыңды орман алқабын жалмай бастағаны туралы хабарлама келіп түскен. Бұл туралы Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
 
Өрт ошағы Октябрьское ауылынан 5 шақырым жерде екені анықталды. Өрт аумағы шамамен 200 гектардай. Қатты жел жалынның тез арада орманға лап қоюына себепкер болған. Оқиға орнына Пригородный және Арақарагай орманшылықтарының командалары келді, көмекке Қостанай облысы ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың құтқарушылары мен полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Жалпы саны 99 адам және 27 техника тілсіз жаумен күреске бағытталды. Өртті тоқтату үшін ені 2,5 метр болатын үш жолақ қазылды.
Өрт 27 қыркүйек күні сағат 02: 50-де өрт ауыздықталды. Тағы 8 сағаттан кейін өрт толығымен сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебін анықтау шаралары жүргізіліп жатыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓