Балаларымен соттасқан әке
Әйелімен ажырасқаннан кейін Ш.атты азаматқа ұлдары қарсы шыққан. Туған әкелерімен соттасқан олар оны баспанасыз, далада қалдырды.
Отбасы паналаған пәтерді ерлі-зайыптылар бірлесіп сатып алған. Әйелі мемлекеттік тұрғын қорынан пәтер алу кезегінде тұрғандықтан құжат бойынша пәтерді 1990 жылғы ұлына жазады. Кейіннен, баспанасыз қалған Ш. ақшалай өтемақы өндіріп алу үшін сотқа жүгінген. Арызданушы өмір бойы еңбектеніп, тер төгіп бір пәтер сатып аларлықтай табыс тапқанын айтады. Бүгінгі күні ұлдарының оны далаға қаңғыртып жібергені әділетсіздік дейді. Өйткені баспанаға жұмсалған қаржының басым бөлігі өзіне тиесілі екен. Ұлдары енді ғана ер жетіп, материалдық жағынан қамдалмаған. Сондықтан бұл пәтерге бір тиын қоспағандығы айдан анық деген дәлелмен, оған ақшасын қайтаруды талап еткен.
Жақында Қостанай қалалық сот Ш.атты азаматтың арыз бойынша үкім шығарды. Енді оның ұлдары оған 725 840 теңге көлемінде өтемақы төлейтін болды.
Махаббат Бекбай