Кеңес кезінде құлдыққа түскен
Қостанай облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі совет үкіметі тұсындағы төлқұжатпен жүрген ер адамның азаматтығын анықтауға кірісті, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Құл ретінде еңбекке жегілген ер адамның еркіндікке шығарылғанын «Дамыту» қоғамдық қорының өкілдері мәлім етті. Қордың басшысы Нина Косюктың айтуынша, Дмитрий Совет одағы ыдырамай тұрған кезде ақша табу үшін Ресейден келген. Кейін ол сол тұстағы Көкшетау облысында, сонан соң Алматы облысында құлдыққа салынған.
«Дамыту» қоғамдық қорының назарына ілінген соң-ақ онымен жұмыс істей бастадық, тұлғасын анықтау жұмыстарын жүргіздік», – дейді Көші-қон қызметінің бастығы, полиция полковнигі Қайрат Дүтпаев.
Ер адамның тұлғасын анықтау үшін елордадағы РФ Елшілігіне сауал жолданған. Қайрат Дүтпаевтың айтуынша, азаматтығы анықталған соң Дмитрий реадмиссия жасалады, яғни қай елдің азаматы болса, сол елге қайтарылады немесе Қазақстан Республикасының аумағында құжаттандырылады.