12 адам құтқарылды
Бүгін түнгі сағат 00:30-да Арқалық қаласының құтқару бөлімшесінің қызметкерлері жүріп өту мүмкіндігі жоғары "Трэкол" көлігімен қар құрсауында қалған жолаушыларды құтқарды. Көктау ауылынан 15 шақырым қашықтықта қалып қойған 2 жеңіл автокөлік тасжолдың тазартылған бөлігіне сүйреп шығарылды. Қос көлік ішінде 7 адам болған. Оның екеуі – бала.
Дәл сол күні сағат 03:15-те облыстық маңыздағы Арқалық-Торғай тасжолының 29-шақырымында қарға батып қалған тағы бір жеңіл көлік жолаушыларын құтқару операциясы сәтті аяқталды. Оның ішінде бес адам болған, екеуі – бала. Зардап шеккендер жоқ.