Жанкелдин ауданы әкімcіз қалды

Жанкелдин ауданының әкімі Асқарбек Кенжеғарин жұмыстан кетуге өтініш білдіріп, оның арызы қанағаттандырылды. Отставкаға кетуіне оны ірі көлемде бөтен мүлікті иеленіп, оны жұмсауға қатысты айыптау бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту себеп болды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлайды. IMG_1819Облыс прокуратурасы қылмыстық іс 6 ақпанда сотқа берілгенін растады.  Бұдан бұрын хабарланғандай, Кенжеғарин зейнеткер Мұхтар Омархановтың өтініші бойынша жауапкершілікке тартылған. Ол Алтынсарин ауданы Малая Чураковка кентіндегі Омархановқа тиесілі үйді заңсыз жекешелендіріп, оны 3 млн теңгеге «Дипломмен – ауылға»  бағдарламасы бойынша балдызына сатқан.
Кенжеғарин Алтынсарин  ауданында ауыл шаруашылығы бөлімін басқарған. Аудандық мәслихаттың хатшысы болды. 2012 жылы Жанкелдин ауданы әкімі лауазымына ауысқан. Үйді өз атына аударуды депутат лауазымында болған кезде жүзеге асырған. Агенттікке берген сұхбатында Омарханов шенеуніктің әрекетін алаяқтық деп санайтынын жеткізді.
«Сот оған және осы заңсыздыққа жол беруге көмектескендерге әділ шешімін шығарады деп үміттенемін», – деді Омарханов.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓