Дайындығың қалай, сарбаз?

Темірдей әскери тәртіп, сарбаздар құқығының бұзылмауы, материалдық-техникалық базаның жағдайы сақадай сай ма? Қостанайдағы 6697 әскери бөлімінде жарты жылдың қорытындысы бойынша инспекторлық тексеріс жүргізілуде. Шараның мақсаты – жеке құрамның жауынгерлік әзірлігін, тәртібін және психологиялық жай-күйін бағалау. Қару-жарақпен, техникамен қамту жағы да назардан тыс қалмайды.WhatsApp Image 2019-05-24 at 12.59.12
 
WhatsApp Image 2019-05-24 at 12.59.12(1)
WhatsApp Image 2019-05-24 at 12.59.14Ұлттық Ұлан Бас қолбасшылығының ішінен құрылған комиссия 6697 әскери бөліміндегі тексеру барысында саппен жүруден бастап, басқа да әскери мүмкіндіктер сүзгіден өткізілді. Әскери бөлімі еліміздің Солтүстік өңірлеріндегі ірі әскери құрылым. Оқыс оқиғалар, түрлі қылмыстар, төтенше жағдайлар болған жағдайда алғашқылардың бірі болып қимылдап, талай жанның өмірін құтқарғаны жайында БАҚ беттерінде жиі жазылады. Ал аталған тексеру-тиянақтау шараларының барлығы ел тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін жасалып отыр дейді ҚР Ұлттық Ұлан «Орталық өңірлік қолбасшылығы» қолбасшысының орынбасары Нұрбол Міртаев.WhatsApp Image 2019-05-24 at 12.59.16
 
WhatsApp Image 2019-05-24 at 12.59.22Айта кетейік, алдағы күндері Жітіқара мен Құсмұрындағы жеке құрамның әскери даярлығы тексерілетін болады. Оған қатардағы жауынгерлерден бастап, келісім-шартпен қызмет етіп жүрген әскерилер қатысатын болады.WhatsApp Image 2019-05-24 at 12.59.33
WhatsApp Image 2019-05-24 at 12.59.28
WhatsApp Image 2019-05-24 at 12.59.35
 
Қыдырбек Қиысхан,
6697 әскери бөлімі баспасөз қызметінің көмегімен.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓