Талап – жеделдік

IMG_2374Қостанай облысының полиция департаментінде кезекші бөлімдердің, облыстың штабтары мен жедел басқару орталықтарының қызметкерлеріне арналған семинар өтті. Шарада азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету және нарядтардың оқиға орнына дер кезінде келуі мәселесі талқыға түсті. Бұл туралы Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі хабарлайды.
Халыққа қызмет көрсетудің сервистік моделін қалыптастыру бойынша қойылған міндеттер аясында полиция қызметінің бұл бағыттары басты назарда.
"Азаматтар полицияға хабарласқан кезде жедел басқару орталығының және кезекші бөлімдердің қызметкерлері бірінші болып тілдеседі. Бұл қызметкерлер қысқа уақытта жағдайды дереу түсініп, жүйелі әрекет етуі үшін күйзеліске төзімді болуы керек. Норматив бойынша қызметкер бес минуттың ішінде шешім қабылдау қажет", – дейді Қостанай облысы ПД басқарма-штаб бастығының м.а. полиция полковнигі Серік Дәулетов.
Тәулігіне Қостанай облысы полиция департаментінің кезекші бөлімінің 102 телефонына мыңнан астам хабарлама келіп түседі. Полиция күштерінің оқиға орнына келу уақыты – 5-7 минуттың айналасында.
"Егер осы уақыт асып кетсе, тексеру жүргізіліп, себептері анықталады. Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылады", – деп атап өтті Қостанай облысы ПД штаб бөлімінің бастығы подполковник Абай Мекебаев.
Мәселен, 2019 жылдың 14 қыркүйегінде Қостанай қаласының Жылдам Басқару Орталығының (ЖБО) 102 нөміріне Абай көшесінде белгісіз тұлғалар облыс орталығының 29 жастағы тұрғынын ұрып, сыртқы киімін алып кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті.
ЖБО күштері мен құралдарын басқару тобының инспекторы 3 минуттан кейін оқиға орнына «Байкал 3» полиция нарядын жіберді. Нәтижесінде, 15 минуттан кейін үш күдікті ұсталды, киім иесіне қайтарылды.
Семинарда талқыланған жұмыстың тағы бір бағыты – бейнебақылау камераларының көмегімен құқық бұзушылықты анықтау.
Жыл басынан бері бейнебақылау арқылы облыста 33 мыңнан астам әкімшілік және 164 қылмыстық құқық бұзушылық әшкере болған.
12 қыркүйекте Рудный қаласында бейнебақылау камераларының көмегімен көлік жуу жанында әйелдің сөмкесін ұрлап, жасырынған күдікті ұсталды. Бейнебақылау инспекторы қылмыс жасаған ауданды қарап шықты және тонаушы дереу ұсталған.
Сондай-ақ, семинар аясында Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы аясында полицияның алдына қойылған міндеттер талқыланды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓