Президент журналистерге қарсы қылмыстарды тексеруді тапсырды
Президенттің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құқық қорғау органдарының журналистерге қарсы бағытталған қылмыстарды тергеп жатқанын айтты.
"Президент құқық қорғау органдарына журналистерге қарсы бағытталған бірқатар қылмыс бойынша мұқият тергеу жүргізуді тапсырды. Қоғамдық қауіпсіздік пен мемлекеттің беделіне нұқсан келтіру үшін жасалған бұл заңсыз әрекеттердің орындаушылары ғана емес, тапсырыс берушілері де анықталуға тиіс", – деп жазған ол Facebook-парақшасында.