Кособуцкийдің кезекті нокауты

Мәскеуде өткен кәсіпқой бокс кешінде суперауыр салмақтағы қазақстандық Жан Кособуцкий (10-0, 9КО) кезекті жекпе-жегін өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат әлеуметтік желідегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.кособуцкий
Кособуцкий 40 жастағы тәжірибелі спортшы, бұрынғы әлем чемпионы, оңтүстікафрикалық Осборн Мачиманмен (23-12-2, 17КО) айқасты. Кездесу алдында салмақ өлшеу рәсімінде Кособуцкий – 104 кг, Мачиман 146 кг екені анықталды. Алты раундқа шақталған жекпе-жекте Кособуцкий қарсыласын бірінші раундта-ақ нокаутқа жіберді. Осылайша, Жан Кособуцкий кәсіпқой бокста он бірінші мәрте жеңіске жетті, соның онын нокаутпен аяқтады. Осборн Мачиман он үшінші рет жеңіліске ұшырады.
Айта кетейік, Мачиман 2008 жылы жерлесі Корри Сандерсті нокаутпен жеңіп, әлем чемпионы атанған.
 
https://vk.com/video-122024473_456239564

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓