Ажалы иттен болды
Жітіқара қаласының тұрғынын ит талап өлтірген. Бұл ақпаратты облыстық ІІД баспасөз қызметі растады. Кәсіпорынның маңында 59 жастағы ер адамға ит тап берген. Алған жарақат салдарынан ол облыстық ауруханада көз жұмды. Ит сол кәсіпорынға тиесілі болған.
«Ит қауып өлтірген 59 жастағы Жітіқара қаласының тұрғынына қатысты іс тексерілуде. Жәбірленуші жұмыс істеген кәсіпорынның басшысына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 408-бабы бойынша («Иттерді серуендету қағидаларын бұзу арқылы адам денсаулығына зиян келтіру») әкімшілік іс қозғалды», – деп мәлім етті ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженар.