Бала күтуші алтын бұйымдарды қолды еткен

Меңдіқара ауданының Боровской ауылында бала күтуші өзі жұмыс істеп жүрген үйден әйелдер мен балалардың алтын сырғаларын, неке сақинасын, алқасын жымқырып кеткен. Тіпті үйде тұрған бас киімді де ұрлапты. Залал сомасы – 85 000 теңге.
"23 қарашада аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, үйден алтын бұйымдардың жоғалып кеткенін айтты. Күдікті сол күні ұсталды. Ол 20 жастағы бала күтуші қыз болып шықты. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді Меңдіқара ауданы ПБ бастығы, полиция подполковнигі Шәріп Нашкенов.
Күдікті кінәсін мойындады. Ұрланған заттар иесіне қайтарылды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓