Ұрланған көлік иесіне қайтарылды

Әулиекөл ауданы полиция бөлімінің полицейлері аға сержант Владимир ДЕМЧЕНКО мен кіші сержант Ерлан Нұрманов бір сағат ішінде көлікті айдап кеткен азаматты ұстады.20190916_123310 (1)
Қостанай қаласының полиция басқармасынан 16 қыркүйекте сағат 9.00 шамасында күдіктіні ұстау туралы хабар келіп түскен. Хабарда белгісіз біреу облыс орталығындағы Қобыланды батыр көшесіндегі ауладан "ВАЗ-2112" автокөлігін айдап кеткен делінген.
Тәртіп сақшылары Әулиекөл кентінде автопатрульдеуге кірісіп, кезекшіден ұрланған автомобилдің бағыт туралы хабар алады.
Полиция қызметкерлері патрульдеу барысында ұрланған көлікке ұқсас автокөлікті байқаған. Көлікті тоқтатып, оның құжаттарын тексереді. Сәйкесінше, жүргізушінің тиісті құжаттары болмаған. Ұры ұсталды.
Полиция қызметкерлерінің қырағылығы мен үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында қылмыс жедел ашылды.
Естеріңізге сала кетейік, бұл патрульдердің арқасында ашылған алғашқы қылмыс емес. Осы жылдың тамыз айында полицейлер дәл осындай бір қылмысты ашқан болатын.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓