Картаңызды қорғай біліңіз

«Роскачество» цифрлық сараптама орталығы жобасының жетекшісі Сергей Бодров банк картасын алаяқтардан қорғау тәсілдерімен бөлісті. Бұл туралы «Прайм» агенттігі хабарлады деп жазады BAQ.KZ.Woman holding a credit card and using computer, online shopping
Біріншіден, сіз өзіңіздің картаңыздың жарамдылық мерзімін, үш таңбалы CVV кодын және SMS түріндегі растау кодтарын ешкімге айтпаңыз. Жалпы, бөгде біреуге ешқандай төлем туралы айтпағаныңыз абзал. Егер сізге "банктің қауіпсіздік қызметінен" деп қоңырау шалса, телефоныңызды дереу қоя салыңыз, – деп кеңес береді сарапшы.
Ол қауіпсіздік мақсатында ақшаны әр түрлі карталарда ұстаған дұрыстығын,  негізгі, көп сомалы ақша интернетте қосымшасы жоқ картада сақталуы керек екенін отыр.  
Интернеттегі сатып алулар үшін жеке карта пайдаланған жөн. Оған тек төлем жасайтын кезде ғана ақша адуарып қойыңыз. Көп салудың қажеті жоқ. Жиі сауда жасамаңыз, өзіңіздің картаңызды интернет-дүкендерге байламауыңыз керек. Сондай-ақ тауар сатып алғаннан кейін картаның интернет-дүкен жүйесінде сақталған-сақталмағанын тексеріп отыру қажет, – деді Бодров.
Ол сондай-ақ SMS хабарламалары үшін ақша үнемдеп қалмауға кеңес береді. Оның көмегімен рұқсат етілмеген транзакциялар туралы дереу білуге мүмкіндік бар. Сонда сіз төлемді күтпей-ақ картаны дереу бұғаттай аласыз. Банк картасының суретін, мәліметтерін мессенджерлерде сақтауға немесе біреуге жіберуге болмайды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓