Экстремистік басылым тәркіленді
Рудныйда тәртіп сақшылары 54 жастағы ер адамнан Фархат Абдуллаев (Фархат-ата ретінде танымал) дайындаған экстремистік сипаттағы журнал тәркіленді. Абдуллаев – ҚР тыйым салынған "Алля-Аят" оккульттық-мистикалық ағымының жетекшісі, – деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.Полицейлер жүргізген жедел тергеу шаралары нәтижесінде рудныйлық тұрғыннан тәркіленген 15 журналды сот экстремистік мазмұнға ие деп таныды. Басылымды ҚР аумағында тасымалдауға, басуға және таратуға тыйым салынған. Кеншілер қаласының тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл арқалады.