Колледж терезесінен құлап кетті
Қостанай индустриалдық-педагогикалық колледжінің студенті үшінші қабаттан құлап кетті, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқыс оқиғаны облыстық ТЖД баспасөз қызметі растады.
«18 желтоқсан күні ведомствоға 17 жастағы жасөспірімнің үшінші қабаттағы терезеден құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Ол бірден облыстық ауруханаға жеткізілді. Оған «иық сүйегінің жабық сынуы» диагнозы қойылды», – деп хабарлады төтенше жағдайлар қызметінен. Қазіргі болжам бойынша, жасөспірім абайсызда құлап кеткен.