“Қалжыңбас” қызметінен қуылды
Ұзынкөл ауданының Ершов ауылының учаскелік инспекторы орынсыз қалжыңы үшін лауазымынан айырылып қалды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлайды.
Ведомствоның мәліметінше, полицей өзі түсірген бейнероликті ватсап желісі арқылы жолдаған. Тәртіп сақшысы жолдасымен бірге Ершов ауылындағы үйлердің бірінен 28 жыл бұрынғы спирт толтырылған құты тауып алған сәтін бейнеге түсірген. Таспадан полковниктің спиртті өртегенін және достарымен бірге бұл олжаны әңгіме қылып, мұндай қор бар кезде коронавирустың жоламайтынын айтқанын көруге болады. Олар бұдан кейін спиртті септикке құйған.
Осы дерек бойынша қызметтік тергеу жүргізілді. Учаскелік полицей этикалық норманы бұзғаны үшін қызметінен босатылды.
Бұл бейнероликтің "Одноклассники" желісінде таралып кеткені анықталды.