Экс-әкім жаңа қызметте

Қостанай қаласының бұрынғы әкімі Базыл Жақыпов «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.1442982427qzj7w
Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов облыс активіне «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасын таныстырды. Бұл қызметке Қостанай қаласының бұрынғы әкімі Базыл Шамұханұлы Жақыпов келді.
«Базыл Жақыповтың тәжірибесі мол. Өңірдегі кәсіпкерлік саласын дамытуға үлес қосады деп сенемін. «Тобыл» ӘКК АҚ Директорлар кеңесі Базыл Шамұханұлының кандидатурасын қолдады», – деді Архимед Мұхамбетов.
Базыл Жақыпов Целиноград ауылшаруашылық институтын агроном, Алматы экономика және статистика академиясын қаржы мамандығы бойынша бітірді. 2004 жылы мемлекеттік қызметке кірді. 2008 – 2019 жылдар аралығында Қостанай қаласы әкімінің орынбасары, Қостанай облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары, Қостанай қаласының әкімі қызметтерін атқарды.
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓