Ас орнына садақа берілсе…

Егемендік алғаннан бері халқымыз, әсіресе, жастарымыз дінге бет бұрып келеді. дін басшылары да өткен қателіктерді түзетіп, дұрыс жолға салуда. Мәселен, адам қайтыс болғандағы жеті күндігін жаназа күнгі асымен бірге өткізуге рұқсат берілді. Бұл сырттан келетін адамдар үшін көп жеңілдік. Бұлардан бөлек, қырық күндігі мен жылдық асын сенбі, жексенбі – демалыс күндеріне келтіріп өткізетін болды, ол да жұмыстағы адам үшін уақыт жағына өте ұтымды болып тұр. Бұрын жүздеген метр матаны шығын қылып жыртысқа таратушы еді, діни басқарма тарапынан оған да тыйым салынды.
8ece2153bab0aa4d71ba4fa939f1f8b6
Бізді ендігі мазалап жүрген жайт – дүниеден өткен кісіге қырқына дейін аптаның әр төртінші күні берілетін бейсенбі асы. Біріншіден, ол күн аптаның жұмыс күні, ал бейсенбілік қырық күн ішінде 5-6 рет келеді екен. Оған қолы бостары бара алады, жұмыстағылар қатыса алмайды.
Қазір қалалы жерде адамның көптігі мен үйдің тарлығынан кейбір ағайындар бейсенбі асты кафе жалдап өткізуге мәжбүр. Бір бөлмелі пәтер мен жатақханада тұратындарды есептеп отырған жоқпын. Ондай қуықтай бөлмеде тұратындар үшін бейсенбілік беру орасан салмақ екенін айтпаса да түсінікті.
Әрине, дінімізде бейсенбілік шайды берсін деген заң жоқ. Ол біздің қазақ арасында тарап кеткен салт. Қайтқан кісінің артында қалған жақындары мұны «бейсенбісін өткізбепті» деген сөзге ілінбейік деген ниетте амалсыздан береді.
Құрметті оқырмандар! Осы бір бейсенблік ас-шай беруді тоқтататын кез келді. Дін өкілдерінің пайғамбарымыз жеткізген хадистеріне құлақ асып, бейсенбі шайдың орнына сол күні мешітке барып, құран оқытып, садақа беруге көшкеніміз баяғыда абзал болар еді. Су отты қалай өшірсе, садақа да күнәні солай өшіреді деген. Өлген адамға сіздің ішкен-жегеніңізден гөрі берілген садақаның сауабы көбірек тиетіні анық.
 
Барақ Қаликенов,
Қостанай қаласы.    

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓