Ауданға жеткен жаңашылдық және…

Қарабалық ауданында мешіт маңындағы орталық бульварь аймағында Wi-Fi іске қосылды. Жергілікті жастарға мұндай сыйды аудан әкімі Алмат Исмагулов тарту етіп отыр. Жаздың алғашқы айынан бастап, қазанға дейін жұршылық тегін ғаламтор игілігін пайдалана алмақ.1376028018_wi-fi
Қарабалықтықтар көңіліне медеу ұялатқан тағы бір жаңалық – таяуда дәріханалардың қатары тағы бір ғимаратпен толығады. Нысан іргетасы орталық аудандық аурухана мен жиһаз цехының аралығындағы аумақта қаланып жатыр. Нақтылағанда, Октябрьский көшесінде бой түземек. Көпке белгілі «Забота» желісінің тармағы. Мердігер – қостанайлық «Райс» ЖШС.аптека Құрылысшылардың айтуынша, бұл жүз шаршы метрден артық аумақты қамтымақ үр жаңа ғимарат болып еңсе көтереді. Алғашқы жұмыстар өткен аптада басталыпты. Нысан ел игілігіне қыркүйек айында табысталмақ. Тиісінше, бұл Қарабалықтағы фармацевтикалық нарықтың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға сеп болады деп күтілуде.
 
Жандос Жүсіпбек
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓