«Bastau Бизнестің» екінші кезеңі
Қостанай облысында тегін курстарға қатысу үшін 11-13 мамыр аралығында іріктеу өткізіледі. Оған Қостанай, Әулиекөл, Қарасу, Қарабалық, Меңдіқара және Федоров аудандарының жұмыссыз тұрғындары қатыса алмақ. Курстық оқыту бір айға созылады. Тыңдаушыларға стипендия төленіп, сертификат беріледі. Алғашқы кезеңіне алты ауданнан 360 адам қатысқан еді.