Ардагерлерді құттықтады

«Nur Otan» партиясы Ұлы Отан соғысының ардагерлерін туған күндерімен құттықтады. Бұл – «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы аясында іске асып отырған дәстүрлі шара. Аталған жоба барысында жыл бойы қарияларға қамқорлық көрсетіледі. Ал жасотандықтар үй шаруасына көмектесуді қолға алған. Ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісіндей болған бұл игі іс үйде отырған қарияларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.DSC_2952
Қасымхан Алдабергенов соғыс басталғанда небәрі 17 жаста болатын. Училищеден кейін қолына қару алып, майдан шебіне аттанды. ҰОС ардагері соғыстан кейін қаруды қаламға айырбастап,  «Қостанай таңы» газетінде меншікті тілші болып жемісті еңбек еткен. Қаламгер бүкіл саналы ғұмырында ұрпақ тәрбиесіне араласқан ұлағатты ұстаз айтыс өнері мен жыршы-термешілікті насихаттауға арнады. 94 жасқа толған ақсақалды нұротандықтар арнайы құттықтады.
–  Екі жыл бойы майдан шебінде болдым. Отанымызға бостандық сыйлауда өзімізді аямадық. Кейінгі буын өкілдерінің бойында тап сондай елжандылық, патриоттық қасиеттер болса екен деймін,- дейді қарт майдангер.DSC_2958
Ал 17 жасында қан майданға аттанған Иван Хиценко құрлықтық әскер сапында болып, Одесса, Қырым, Сталинград қалаларын қорғады. Польша, Варшавадан Познани қалаларын жаяу жүріп өткен. Жеңісті Калининград облысының Пиллау қаласында қарсы алған. Алдыңғы шепте ерлік көрсеткен майдангер соғыстан кейінгі жылдары ұзақ уақыт бойы көлік жүргізушісі болып қызмет етті. Тоқсанның үшеуіне келген қарияны нұротандықтар арнайы құттықтап қайтты.DSC_2931
–  Әр атаулы күндері ардагерлерімізді құттықтап, қолымыздан келгенше көмек беріп, жағдайлары қиын ардақтыларымызға қол ұшын созуға тырысамыз.  Ардагерлерімізді қамқорлыққа алып, қарт майдангерлермен қатар, жалғызбасты тыл еңбеккерлеріне де көмеккөрсетуге атсалысып келеміз,- деді «NurOtan»  партиясы ҚОФ төрағасының орынбасары Алмат Досмұхамедов.
  Партиялықтар ардагерлерді туған күнімен құттықтап, көмек көрсетуді дәстүрге айналдырған. Мұның бәрі жеңісті жақындатқан жауынгерлерге көрсетілген құрмет, ерлікке тағзым  дейді партия белсенділері.
 
Әсел ҚИБАШ

You may also like...

1 Response

  1. ХАН айтты:

    Керемет! Жақсы бастама екен!!!!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓